2015 жылғы 31 наурыз, Астана қаласы
Энергия-сервистік шарттың үлгілік нысандарын бекіту туралы
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 17-1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған энергия-сервистік шарттың үлгілік нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ.Ержанов):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 10 маусым «КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е.Досаев
2015 жылғы 22 маусым
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы №402 бұйрығымен бекітілген
Энергия-сервистік шарттың үлгілік нысандары
________________________ 20__ жылғы «__»_______________
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын
_______________________________________________________________________________________атынан
(заңды тұлғаның атауы, ЖСН)
_________________________________________________________________________негізінде әрекет ететін
____________________________________________________________________________________________,
(тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.)
бір жағынан, және бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын
_______________________________________________________________________________________атынан
(заңды тұлғаның атауы, ЖСН)
_________________________________________________________________________негізінде әрекет ететін
_____________________________________________________________________________________________,
(тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.)
бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Тапсырыс берушінің энергия ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында осы энергия-сервистік шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.
1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) энергетикалық базис – Орындаушы энергиялық тиімді іс-шараларды іске-асырмаған болса, тапсырыс берушінің қазіргі объектілерінде пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың әрбір түрін есептеу. Келісілген шарт аясында жыл бойы қолданылған энергия ресурстары көрсеткіштері осы жылғы келісімде көрсетіледі.
2) Энергия тиімділік іс-шаралары – жаңа қондырғыларды орнату, Тапсырыс берушінің объектілерінде ғимараттарды немесе қолданыстағы қондырғыларды ауыстыру немесе жаңғырту, немесе энергетикалық ресурстарды азайту немесе тиімді тұтыну үшін қайта қаралған іс-қимылдар және қызмет көрсеті рәсімдері;
3) Энергия ресурстарын үнемдеу – Орындаушының энергия тиімділік іс-шараларын іске-асыру салдары болып табылатын энергетикалық ресурстарды тқтынуды қысқарту. Энергетикалық ресурстарды үнемдеу Орындаушы энергия тиімілік іс-шараларын орныдағанна (орындауға кіріскеннен) кейін энергетикалық базисті энергетикалық ресурстарды тұтыну көлемімен (пайдаланылатын энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарының деректері бойынша) салыстыру кезінде анықталады.
2. Шарттың мәнi
2. Осы Шарт шеңберінде Орындаушы Тапсырыс берушінің жүгінуі бойынша энергия үнемдеуге және Тапсырыс беруші энергетикалық ресурстарды пайдалануының энергетикалық тиімділігін арттыруға бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асырады, оның ішінде Тапсырыс берушінің объектілерінде энергия тиімді іс-шараларды жүзеге асырады, ал Тапсырыс беруші энергия тиімді іс-шараларды іске асыру нәтижесінде үнемдеуден алынған қаражат есебінен Орындаушыға қызметтердің (жұмыстардың) ақысын төлейді.
3. Шарт:
1) Орындаушы осы шартты орындау нәтижесінде Орындаушы қамтамасыз етуге тиіс энергетикалық ресурстардың шамасы (заттай көріністе) туралы;
2) осы шартта белгіленген энергетикалық ресурстарды үнемдеу шамасына қол жеткізу үшін қажетті мерзімнен кем болмауға тиіс осы шарттың қолданыс мерзімі туралы;
3) пайдаланылатын энергетикалық ресурстарды жыл сайынғы үнемдеуден алынатын қаражат есебінен қызметтерге (жұмыстарға) төлем жүргізу туралы шарттарды қамтуға тиіс.
4. Осы Шарт шеңберінде жүзеге асырылатын энергия тиімді іс-шаралардың тізбесі энергия үнемдеу және арттыру энергия тиімділігі бойынша қорытындыға (энергоаудит қорытындысына) сәйкес анықталады.
5. Осы Шарт шеңберінде барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына, Қазақстан Республикасының Құрылыс нормалары мен қағидаларының нормативтік талаптарына, құрылыс және күрделі жөндеу саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттарына және техникалық шарттарға сәйкес орындалуға тиіс.
Осы Шарттың қолданылуы мемлекеттік мекемелерге таралмайды.
3. Баға және есептеу тәртібі
6. Осы Шарт бойынша баға осы шартты іске асыру нәтижесінде қол жеткізілген не қол жеткізілуі жоспарланған көрсеткіштерге сүйене отырып, оның ішінде үнемделген энергетикалық ресурстардың құнына немесе өнім бірлігіне үлестік энергия тұтынудың төмендеуі есебінен қалыптасатын энергетикалық ресурстарды үнемдеуге сүйене отырып, анықталуға тиіс.
7. Осы Шарт бойынша жұмыстарды орындау үшін Орындаушыға төлеуге жататын пайыз үнемдеуден ______ %-ды құрайды. Осы үнемдеу пайызы осы Шартты орындау барысында өзгертуге жатпайды. _____ % үнемдеу Тапсырыс берушінің басқаруында қалады.
8. Осы Шарт бойынша есептер жарты жылда/жылына бір рет ай сайын /тоқсан сайын/ жүзеге асырылады.
9. Осы Шарт бойынша есептер есептік кезеңде қалыптасқан заттай көріністе энергетикалық ресурстарды іс жүзінде үнемдеуге, сондай-ақ есептеу күніне іс жүзінде қалыптасқан тиісті энергетикалық ресурстарға бағалар (тарифтер) бойынша құндық көріністе анықталған мұндай үнемдеудің пайызына сүйене отырып, жүзеге асырылады. Бұл ретте есептеулерде мынадай мәліметтер ескерілуге тиіс:
1) алдыңғы айдағы іс жүзінде тұтынылған энергетикалық ресурстарды және іс жүзінде берілген тауарлық өнімді есептеу аспаптарының көрсеткіштері;
2) алдыңғы кезеңдегі (ай, тоқсан, жарты жыл, жыл) ақшалай көріністегі энергетикалық ресурстардың іс жүзіндегі үнемделуі;
3) кезекті кезеңге (ай, тоқсан, жарты жыл, жыл) аударылуға жататын іс жүзіндегі сома.
10. Есептерді жүргізу мақсатында Орындаушы есептік кезеңнен кейінгі кезеңнің 5 күніне дейінгі мерзімде Тапсырыс берушіге есептік кезеңдегі, оның ішінде энергетикалық ресурстарды іс жүзінде үнемдеу есебін және осы Шарттың 9-тармағына сәйкес анықталған мұндай үнемдеуден Орындаушыға төлеуге жататын пайыз есебін қамтитын пайдаланылатын энергетикалық ресурстарды есептеу аспаптарының көрсеткіштерін салыстырып тексеру актісін жібереді.
11. Тапсырыс беруші осы Шарттың 10-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде салыстырып тексеру актісі қарауға және оған қол қоюға не анықталған кемшіліктерді көрсете отырып, Орындаушыға жазбаша нысанда негізді қарсылықты жіберуге міндетті.
12. Тапсырыс берушінің талаптары негізді болған жағдайда Орындаушы негізді қарсылық келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктерді өз күшімен және өз есебінен жояды. Салыстырып тексеру актісіне қол қою көрсетілген кемшіліктерді Орындаушы жойғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
13. Салыстырып тексеру актісіне осы Шарттың 11-тармағында көрсетілген мерзімдерде қол қойылмаған және жазбаша түрде Тапсырыс берушінің негізді қарсылықтары болмаған жағдайда Орындаушы Тапсырыс берушіге төлеуге Орындаушы бір жақты тәртіппен қол қойған салыстырып тексеру актісімен ұсынылған есептер бойынша соманы ұсынуға құқылы.
14. Салыстырып тексеру актісіне қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Тапсырыс беруші Орындаушының есептік шотына ақшалай қаражатты (есептеудің қолма-қол ақшасы нысаны) Орындаушымен есеп айырысуларды жүзеге асырады.
15. Әрбір күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін Тараптар осы шарт шеңберінде төлемдерді салыстырып тексеруді жүргізеді.
4. Энергия тиімді іс-шаралар жоспары
16. Энергия тиімді іс-шаралар жоспары (бұдан әрі- Жоспар) осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
17. Жоспар:
1) жабдық, Тапсырыс берушінің объектілеріндегі қолданыстағы жабдықты/ғимаратты жаңғырту (түрлендіру) немесе ауыстыру немесе энергия тұтынуды және Тапсырыс берушінің объектілерінде коммуналдық қызметтердің көлемін азайтуға алып келетін іс-әрекеттер мен қызмет көрсету рәсімдерін қайта қарау бойынша іс-шаралар тізбесін (Жоспар осы Шартты іске асырудың бастапқы кезеңінде пайдаланылатын энергетикалық ресурстарды есептеу аспаптарын орнату және пайдалануға беру бойынша іс-шараны көздеуге тиіс);
2) Жоспарда көзделетін әрбір іс-шараны іске асыру мерзімін;
3) есептік кезең аяқталғаннан кейін заттай көріністе энергетикалық ресурстарды үнемдеудің қол жеткізу жоспарланатын мөлшерлерін (есептік кезеңді анықтау керек: ай, тоқсан, жарты жыл, жыл);
4) оның ішінде Жоспарда көзделген әрбір іс-шараны іске асыру шығындарын бөле отырып, Орындаушының Жоспарды іске асыру шығындарының көлемін көрсетуге тиіс.
18. Тапсырыс беруші ол Тапсырыс берушіге ресми түрде келіп түскен күннен бастап _____ жұмыс күні ішінде Жоспарды қарауға және бекітуге не анықталған кемшіліктерді көрсете отырып, Орындаушыға жазбаша нысан бойынша негізді қарсылықты жіберуге міндетті.
19. Тапсырыс берушінің талаптары негізді болған жағдайда Орындаушы негізді қарсылық келіп түскен күннен бастап ______ жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктерді өз күшімен және өз есебінен жояды.
20. Жоспардың мазмұны бойынша келіспеушіліктерді Тараптар келіссөздер жолымен шешеді.
5. Энергия тиімді іс-шаралар жоспарын іске асыру
21. Орындаушы Тапсырыс беруші Жоспарды бекіткеннен кейін ______ жұмыс күні ішінде Жоспарды іске асыруға кірісуге міндетті.
22. Жұмыстарды орындау кезінде Орындаушы Жоспарға, техникалық шарттарға, мемлекеттік стандарттарға сәйкес келетін материалдарды, бұйымдарды және жабдықты қолдануға міндетті.
Орындаушы жұмыстарды орындау барысында Тапсырыс берушімен жазбаша келісім бойынша өзінің техникалық сипаттамалары бойынша Жоспарда көрсетілген материалдарға сәйкес келетін немесе олардан асып түсетін ұқсас материалдарды, бұйымдарды және жабдықты пайдалануға құқылы.
Барлық жеткізілетін материалдар, бұйымдар және жабдық таңбалануға және сертификаттары, техникалық паспорттары және олардың сапасын куәландыратын басқа да құжаттары болуға тиіс. Бұл сертификаттардың және растау құжаттарының көшірмелерін Орындаушы Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша шұғыл түрде ұсынуға тиіс.
Жұмыстарды жүргізу кезінде Орындаушы техникалық шарттарды және материалдарды, бұйымдарды, жабдықты дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтарын, технологиялық карталарды және сапаны жедел бақылау сызбаларын басшылыққа алуға міндетті.
23. Орындаушы Тапсырыс берушіге Жоспардың әрбір кезеңінің аяқталуы туралы, оның ішінде жалпы Жоспарды іске асырудың аяқталуы туралы жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.
Орындаушы жұмыстарды тапсыру (жұмыстар кезеңі) күніне дейін _____ күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде жұмыстардың (жұмыстар кезеңінің) орындалуын растайтын құжаттаманы, оның ішінде жұмыстардың құнын растайтын құжаттаманы қоса бере отырып, Тапсырыс берушіге жұмыстардың (жұмыстар кезеңінің) аяқталуы және қабылдау уақытын белгілеу туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Орындалған жұмыстар (жұмыстар кезеңдері) актісіне Тапсырыс беруші жұмыстардың тиісті түрде орындалу шартымен Орындаушыға жазбаша хабарламада айқындалатын орындалған жұмыстар қабылданған күннен бастап ______ күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде қол қояды.
Тапсырыс беруші ұсынылған орындалған жұмыстар актілерінде тіркелген Орындаушы орындаған жұмыстардың көлемдері мен құнын тексеруді жүргізеді. Ұсынылған орындалған жұмыстар актілерінде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда Тапсырыс беруші анықталған сәйкессіздіктерді жою үшін оларды Орындаушыға қайтарады.
Орындалған жұмыстардың (жұмыстар кезеңінің) нәтижелерінде кемшіліктер болған кезде Тараптар қажетті пысықтамалар тізбесі бар акт жасайды. Орындаушы егер Тараптар кемшіліктер тіркелетін актіде жоюға жататын кемшіліктердің көлеміне және сипатына байланысты өзге мерзімді анықтамаса, _________ күнтізбелік күн ішінде орындалған жұмыстарда жіберілген кемшіліктерді өз күшімен және өз есебінен жоюға міндетті. Орындалған жұмыстар актісіне Орындаушы қабылдау кезінде анықталған барлық кемшіліктер жойылғаннан кейін қол қояды.
Жұмыстарды (жұмыстар кезеңін) орындаудың аяқталу күні Тараптардың орындалған жұмыстар актісіне қол қою күні болып есептеледі.
24. Жабуға жататын жұмыстарды Тапсырыс беруші қабылдауға тиіс. Орындаушы кейінгі жұмыстарды орындауға тек қана Тапсырыс беруші орындалған жұмыстарды қабылдағаннан және осы жұмыстарды, конструкцияларды, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерін куәландыру актілерін жасағаннан кейін кіріседі. Орындаушы Тапсырыс берушіге жабуға жататын орындалған жұмыстарды, жауапты конструкцияларды аралық қабылдауды жүргізудің қажеттігі туралы, бірақ осы қабылдауды жүргізу басталғанға дейін ____ жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде алдын ала хабарлайды. Егер Тапсырыс берушінің өкілі жабуға жататын орындалған жұмыстарды, жауапты конструкцияларды аралық қабылдауды жүргізудің көрсетілген мерзіміне келмесе, онда Орындаушы бір жақты акт жасайды және жұмыстарды қабылданды деп есептейді, бұл ретте орындалған жұмыстардың сапасы үшін жауапкершілік Орындаушыдан алынбайды. Бұл жағдайда жұмыстарды ашу Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша оның есебінен жүргізіледі.
Егер Тапсырыс берушінің өкілі жұмыстарды жүргізу журналына жабуға жататын орындалған жұмыстар бойынша ескертулер енгізген жағдайда, қабылдау үшін Тапсырыс беруші өкілі келмеген жағдайларды қоспағанда, Тапсырыс берушінің жазбаша рұқсатынсыз Орындаушы оларды жаппауға тиіс.
Егер жұмыстарды жабу Тапсырыс берушінің растауынсыз (Тапсырыс берушінің өкіліне бұл туралы хабарланбаса немесе кешіктіріп хабарланса), онда Орындаушы оның нұсқауына сәйкес Тапсырыс беруші өкіліне қабылдауына өтпеген жабық жұмыстардың кез келген бөлігін өз есебінен ашуға, одан кейін оны қалпына келтіруге міндеттеме алады.
Қабылданатын жауапты конструкциялардың, жабық жұмыстардың және жүйелердің дайындығы Тапсырыс берушінің және Орындаушының конструкцияларды және жабық жұмыстарды куәландыру актілеріне қол қоюымен расталады.
25. Орындаушы Тапсырыс берушіге жұмыс және пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және жұмыстардың нәтижелері мен түрлендірілген жабдыққа қызмет көрсетуге арналған қосалқы бөлшектердің ұсынылатын каталогтарын ұсынуға міндетті.
Орындалған жұмыстарды қабылдау актісімен расталған орнату аяқталғаннан кейін _______ жұмыс күні ішінде Орындаушы Тапсырыс берушінің персоналын апаттар болған жағдайда жабдықты және жүйені пайдалану, сақтау, қалпына келтіруге қойылатын талаптарды оқытуға міндетті.
26. Орындаушы Жоспарда көзделген жұмыстарды орындалған жұмыстардың _______________ жыл ішінде сапа бойынша талаптарға кепілдікті сәйкестікпен орындауға міндеттеме алады. Орындалған жұмыстардың сапасы орындалған жұмыстардың Жоспарға, техникалық шарттарға, мемлекеттік стандарттарғңа сәйкестігімен анықталады.
Кепілдік мерзімі Тараптар орындалған жұмыстарды қабылдау туралы актіге қол қойғаннан күннен бастап есептеледі.
Егер көрсетілген кепілдік мерзімі кезеңінде жұмыстар нәтижесінің кемшіліктері анықталса, онда Орындаушы егер Тараптар кемшіліктер тіркелетін актіде жоюға жататын кемшіліктердің көлеміне және сипатына байланысты өзге мерзімді анықтамаса, оларды _________ жұмыс күні ішінде өз есебінен жоюға міндетті. Кепілдік мерзімі бұл жағдайда тиісінше Орындаушы кемшіліктерді жою бойынша жұмыстарды жүргізген кезеңге ұзартылады.
Кемшіліктер тіркелетін актіні жасауға, оларды жою тәртібін және мерзімдерін келісуге қатысу үшін Орындаушы кемшіліктердің анықталуы туралы Тапсырыс беруші жазбаша хабарламасын алған күннен бастап ____ жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің өкілін жіберуге міндетті.
Орындаушы анықталған кемшіліктер актісін жасаудан немесе оған қол қоюдан бас тартқан кезде оларды растау үшін Тапсырыс беруші сараптама тағайындайды, ол кемшіліктердің болуын және сипатын айқындайтын актіні жасайды. Мұндай сараптаманың нәтижесі Тараптар үшін міндетті болып табылады. Орындаушының кінәсі анықталған кезде сараптамамен байланысты шығындарды Орындаушы көтереді. Сараптаманы жүргізу Тараптарды дауды үшін сот органдарына жүгіну құқықтарынан айырмайды.
Егер кепілдік мерзімі кезеңінде осы Шарт бойынша Орындаушы жұмысының кемшіліктері салдарынан кепілдік мерзімі кезеңінде объектіге нұқсан келтірілсе, онда Тапсырыс беруші бұл туралы Орындаушыға хабарлайды, одан кейін Тараптар нұқсанды жоюмен байланысты іс-әрекеттерді талқылайды және Орындаушы бүлінулерді өз күшімен жояды немесе Тапсырыс берушіге нұқсанды уағдаластық бойынша не сот тәртібінде өтейді.
27. Тапсырыс берушінің объектілерін пайдалану кезеңінде, Жоспар іске асырылғаннан кейін, осы Шарттың қолданыс мерзімі ішінде Орындаушы Тапсырыс берушінің объектілерінде технологиялық процестерді және жаңа жабдықтың пайдаланылуын қадағалауды, энергетикалық ресурстардың үнемделуын анықтау үшін энергетикалық ресурстардың пайдаланылуын бақылауды, энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен Тапсырыс берушінің барлық өзара қарым-қатынастарын бақылауды жүзеге асырады.
6. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
28. Тапсырыс беруші:
1) Орындаушының осы Шарт талаптарына сәйкес осы Шарт бойынша барлық қызметтер кешенін уақтылы және толық іске асыруын талап етуге;
2) анықталған кемшіліктерді уақтылы жоюды талап етуге;
3) осы Шарт бойынша міндеттердің орындалуын растайтын тиісті түрде ресімделген есептік құжаттаманы уақтылы ұсынуды талап етуге;
4) Орындаушыдан осы Шарттың мәніне қатысты кез келген құжаттаманы және ақпаратты сұратуға;
5) Орындаушыға Тапсырыс берушінің осы Шартты орындаудан бас тарту туралы хабарламасын алғанға дейін орындалған көрсетілген қызметтердің бөлігіне пропорционал белгіленген бағаның бөлігін төлей отырып, міндеттемелер кезеңін орындауды тапсыру-қабылдау актісіне қол қойғанға дейін кез келген уақытта осы Шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
29. Тапсырыс беруші:
1) Орындаушының қызметтерін қабылдауды және осы шартта көзделген мөлшерде, тәртіпте және талаптарда оларға төлем жүргізуді жүзеге асыруға;
2) Орындаушының талабын алу күнінен кейінгі _____ жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Орындаушының талап етуі бойынша осы Шартты орындау үшін қажетті ақпаратты және құжаттарды ұсынуға;
3) Орындаушыға Тапсырыс берушінің үй-жайларынап рұқсатты қамтамасыз етуге;
4) осы Шарт бойынша қызметтерді көрсету үшін қауіпсіз шарттарды қалыптастыруға;
5) осы Шарт бойынша Орындаушымен өзара іс-әрекетте Тапсырыс берушінің мүддесін білдіру бойынша жауапты өкілін тағайындауға;
6) Орындаушыға осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті сенімхат беруге;
7) Орындаушыға Жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыру кезінде жәрдем көрсетуге;
8) Орындаушы қызметтер көрсету туралы актіні ұсынған сәттен бастап ________ мерзімде тиісті актіге қол қоюға және бір данасын Орындаушыға беруге не Орындаушыға тиісті актіге қол қоюдан дәлелді бас тартуды ұсынуға міндетті.
30. Орындаушы:
1) Тапсырыс берушінің осы Шарттың талаптарына сәйкес осы Шарт бойынша көрсетілген қызметтерге уақтылы және толық төлем жүргізуін талап етуге;
2) Тапсырыс берушіден осы Шартты орындау үшін қажетті ақпаратты және құжаттарды уақтылы ұсынуды талап етуге;
3) Тапсырыс берушіден оның үй-жайларына еркін рұқсатты талап етуге;
4) осы Шарт шеңберінде жұмыстар мен қызметтерді орындау үшін қосалқы мердігерлік ұйымдарды тартуға құқылы. Жұмыстарды орындауға қосалқы мердігерлік ұйымдар тартылған жағдайда Орындаушы Тапсырыс берушінің алдында қосалқы мердігерлік ұйымдардың іс-әрекеттері үшін жауапкершілікте болады.
31. Орындаушы:
1) Тапсырыс берушіге осы шартта көзделген барлық жұмыстардың түрлерін орындауға (есептеу жүйелерін және автоматтандырылған деректерді жинау жүйелерін жобалау, монтаждау және жөндеу; өлшеу құралдарына қызмет көрсету және жөндеу; объектілерді энергетикалық тексеру және т.б.) арналған рұқсат беру құжаттарын ұсынуға;
2) барлық іс-шаралар кешенін осы шарт белгіленген мерзімдерде іске асыруға.
3) Жоспарда анықталған жұмыстарды (іс-шараларды) тұрақты негізде, уақтылы және толық көлемде орындауға.
4) осы Шарттың талаптарына сәйкес қажетті:
материалдарды;
жабдықты ұсынуға;
5) осы шартқа сәйкес іске асыруға жататын Жоспарды Тапсырыс берушімен келісуге, өзге де рұқсат беру құжатын алуды қамтамасыз етуге;
6) әр айдың _______ күнінен кешіктірмей Тапсырыс берушіге өткен айдағы энергетикалық ресурстардың іс жүзінде тұтыну, алдыңғы жылдың ұқсас кезеңіндегі аударымдардың сомалары туралы мәліметтерді, энергетикалық ресурстардың қол жеткізілген үнемделуінің мөлшері туралы мәліметтерді қамтитын осы Шарттың орындалу барысы туралы жазбаша есепті ұсынуға;
7) барлық пайдаланылатын ресурстарды есептеу аспаптарын орнатуға (осы міндетті шешу шеңберінде орнатылады, олар болған жағдайда - суық, ыстық суға, жылуға, электр энергиясына арналған есептеу аспаптар қоданыстағы талаптарға сәйкес келтіріледі);
8) пайдаланылатын энергетикалық ресурстарды есептеу аспаптарын пайдалануға беруге;
9) есептеу аспаптарының тұрақты жұмысқа қабілеттілігін ұстап тұруды бақылуға. Сервистік қызмет көрсету жүйесінің жұмыс істеуі есебінен қол жеткізіледі, ол аспаптардың ақауын бақылауды, олар істен шыққан жағдайда жедел жөндеуді, регламенттік жұмыстарды (тазалау, метрологиялық тексеру және т.б.) орындауды қамтиды;
10) техникалық регламенттердің, мемлекеттік стандарттардың, құрылыс нормалары мен қағидаларының, санитарлық нормалар мен қағидалардың, гигиеналық нормативтердің талаптарын қоса алғанда, қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес энергетикалық ресурстардың пайдалану режимдерін (шарттарын) қамтамасыз етуге міндетті.
7. Тараптардың жауапкершілігі
32. Осы Шартты орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.
33. Тапсырыс беруші осы шартта көзделген міндеттемелерді орындау мерзімін өткізген жағдайда, Орындаушы тұрықсыздық айыбын (өсімақы) төлеуді талап етуге құқылы.
34. Тапсырыс беруші егер осы шартта көзделген міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі еңсерілмейтін күш салдарынан, Орындаушының кінәсі бойынша немесе өзге де адамдардың кінәсі бойынша болғанын дәлелдесе, тұрықсыздық айыбын (өсімақы) төлеуден босатылады.
35. Орындаушы осы шартқа сәйкес кепілдік мерзімі ішінде орындалған жұмыстардың сапасы үшін, жұмыстарды жүргізу кезінде пайдаланылатын материалдар, бұйымдар және жабдықтың сапасы үшін жауапкершілікте болады.
36. Орындаушы осы Шартты орындау шеңберінде жүргізілген шығындарды, егер осы Шарттың қолданыс мерзімі біткенне кейін көрсетілген шығындар энергетикалық ресурстарды үнемдеуден алынған қаражат есебінен, оның ішінде осы шартта белгіленген энергетикалық ресурстарды үнемдеу көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себебінен жабылмаған жағдайда өзінің шығындарына жатқызу тәуекелін алады.
37. Орындаушы осы шартта көзделген міндеттемелерді орындау мерзімін өткізген, оның ішінде жұмыстарды орындау мерзімін, анықталған кемшіліктерді жою мерзімдерін, бұзған жағдайда Тапсырыс беруші төлемді талап етуге құқылы.
38. Тұрақсыздық айбын төлеу немесе жауапкершіліктің өзге де нысанын қолдану Тарапты осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан босатпайдыв.
39. Орындаушы барлық энергия тиімді іс-шараларды іске асыру кезінде сапаны бақылау үшін жауапкершілікте болады. Орындаушы осы Шарттың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін орындалатын барлық жұмысты тескеруге және тестілеуге міндетті.
8. Форс-мажорлық мән-жайлар
40. Тараптардың ешқайсысы форс-мажорлық мән-жайлар, яғни еңсерілмейтін күш мән-жайлары (табиғи апаттар немесе болжап-білу немесе алдын алу мүмкін емес өзге де мән-жайлар), сондай-ақ осы Шарттың талаптарын орындамауға немесе тиісінше орындамауға алып келетін соғыс іс-қимылдары, ереуілдер және т.б. орын алған жағдайда екінші тараптың алдында жауапкершілікте болмайды.
41. Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш мән-жайлары әрекет ететін мерзімге, бірақ тек қана мұндай мән-жайлар Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауына кедергі келтіретіндей дәрежде тоқтатылуы мүмкін.
42. Ол үшін еңсерілмейтін күш мән-жайларының орын алуы салдарынан міндеттемелерін тиісінше орындау мүмкін болмаған Тарап мұндай мән-жайлар орын алған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде олардың орын алуы, түрі және олардың әсерінің ықтимал ұзақтығы туралы екінші Тарапқа жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.
43. Егер осы Шарттың 40-тармағында көрсетілген мән-жайлар тиісті хабарланған күннен бастап _______________ күнтізбелік күннен артық созылса, Тараптар мұндай мән-жайлардың орын алуына байланысты келтірілген шығындардың өтелуін талап етпей, өзара келісім бойынша осы Шартты бұзуға құқылы.
44. Жұмыстарды орындау нәтижесінде үшінші тұлғаға келтірілген нұқсанды, егер бұл нұқсанның өзге де адамдардың кінәсі бойынша келтірілгендігі дәлелденбесе, Орындаушы өтейді.
Егер еңсерілмейтін күш мән-жайлары 3 және одан астам айға созылған жағдайда, Тараптардың әрқайсысы болжанатын бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік күн бұрын екінші тарапқа алдын ала хабарлау шартымен Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар 30 күнтізбелік күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттеме алады.
9. Қорытынды ереже
45. Осы шарт тараптар оған қол қойған күннен бастап жасалаған болып есептеледі және 20__ж. «___»__________ дейін қолданыста болады.
46. Осы шартты Тараптардың келісімі немесе соттың шешімі бойынша, азаматтық заңнамада көзделген негіздер бойынша бұзуға рұқсат етіледі.
47. Осы шарт егер осы Шартты орындау кезінде келтірілген Орындаушының шығындарын жабу (осы шартта белгіленген үнемдеу пайызын төлеу жолымен) осы Шарттың қолданыс мерзімінің аяқталуынан бұрын болған жағдайда өзінің қолданысын тоқтатады.
48. Осы шарттың талаптарын орындаумен байланысты тапсырыс беруші және орындаушы арасындағы барлық даулы мәселелер заңнамада белгіленген тәртіппен шешіледі.
49. Осы шартта көзделмеген барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
50. Осы Шарт Тараптардың әрқайсысына бір-бірден берілетін және бірдең заңдық күші бар мемлекеттік және орын тілдеріндегі екі түпнұсқа данада, _____ парақта жасалды.
10. Тараптардың деректемелері
Тапсырыс беруші
________________________
________________________
________________________
________________________
________________________
М.О. Орындаушы
________________________
________________________
________________________
________________________
________________________
М. О.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 14 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11663 болып енгізілді.